Nebaz.ru
vk.com/ktknewskaz Количество участников: 4184
1 контакт
Название группы
КТК телеарнасы
Статус
КТК телеарнасының ресми парақшасы
Описание
КТК телеарнасының ресми парақшасына қош келдіңіз!
Сайт
http://www.ktk.kz
Тип сообщества
Группа
Тип деятельности
TV channel
Записи сообщества:
КТК телеарнасы
КТК телеарнасы 29 апр. в 11:11
Көлік тізгіндеген қыз 3 баланы қағып өлтірді

Татарстанның Мензелинский ауданында көлік тізгіндеген қыз 3 баланы қағып өлтірді. Бұл туралы ресейлік ТАСС агенттігіне жедел қызмет өкілдері хабарлаған.

«Жоғары Такермен ауылына жол жиегімен 5 бала кетіп бара жатқан. Үшеуін көлік қағып, мерт болды. Көлікті 1987 жылғы қыз басқарып келе жатқан», - деп хабарлады агентікке дереккөз.

Сондай-ақ ол үшеуінен өзге бала зардап шекпегенін жеткізді.

Республика прокуратурасының Telegram-каналында Мензелинский ауданы прокурорының міндетін атқарушы Тимур Габдуллин жол-көлік оқиғасының сағат 18:00 кезінде болғанын атап өтті. Қыз бала Toyota Camry көлігін басқарып келе жатқан. Ал балалар алған жарақаттарынан дәрігерлер келгенше жан тапсырған.

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, республика прокуратурасы оқиғаның орнын тексеріп, қылмыстық іс қозғау мәселесі қарастарылып жатыр. Оқиға орнында тергеушілер жұмыс істеп жатыр, тексеру ұйымдастырылған.
КТК телеарнасы
КТК телеарнасы 29 апр. в 11:11
Қарағанды тұрғынын бұрынғы күйеуі пышақтап өлтірген

Қарағандыда ер адам бұрынғы әйелін балаларының көзінше өлтірді. Адам өліміне дейін оқиға орнына шақыртуға барып, бірақ еш шара қолданбаған полицейлерге қатысты қызметтік тергеу басталды.

Кісі өлтіру туралы құқық қорғаушы Серік Беркамалов хабарлады.

«25 сәуірде Қарағандыда бұрынғы күйеуі бірнеше пышақ жарақатын салып, Гүлмира Таймасованы балаларының көзінше өлтірген. Ол 52 жаста болған, кәмелетке толмаған екі баласы анасыз қалды. Олар 10 жылдан астам уақыт бұрын ажырасқан, бірақ ол ешқашан оларды жалғыз қалдырған емес.

Жәбірленуші бірнеше жыл бойы полицияға хабарласқан, бірақ экс күйеуі жазасыз қалып, полициямен байланысы туралы мақтанатын», - деп жазды ол Instagram-да. Жәбірленушінің 14 жасар ұлы сол күні кешке полицияға хабарласқан. Ол әкесінің барлығын және өзін өлтіремін деп қорқытқаннан кейін анасын қорғауға тырысқан, деп жазады құқық қорғаушы.

«Полиция отряды келді, арызды қабылдаған екі полиция қызметкері оның мас күйінде болғанын, қоқан-лоққыларды көріп, ешнәрсе жасамады, әйел мен балаларды зорлықшымен жалғыз қалдырды. Арада екі сағат өткенде Балтабай Гүлмираға пышақ сұғып, пәтерден қашып кеткен. Абырой болғанда, балалары зардап шекпеген, олар дереу полиция мен жедел жәрдем шақырды», - деді Беркамалов.

Бұл қылмыстық оқиғаға қатысты Қарағанды облысы ПД бастығы Негмет Исмағұлов түсініктеме берді. Ол оқиға орнында болған полицейлерге қатысты қызметтік тергеу басталғанын мәлімдеді.

«Полиция қызметкерлеріне, сондай-ақ олардың басшылығына қатысты қызметтік тергеу жүргізілуде. Нәтижелері бойынша ең қатаң шаралар қабылданатын болады. Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сараптама тағайындалды. Оқиғаның барлық жағдайлары анықталады. Қылмыстық істі тергеу барысы менің жеке бақылауымда», - деді Исмағұлов.
КТК телеарнасы
КТК телеарнасы 22 апр. в 10:17
Жол-көлік оқиғасы: Павлодар облысында 40 бала түрлі жарақат алды

Жыл басынан бері Павлодар облысында кәмелетке толмағандардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының 36 фактісі тіркелді, онда 40 бала түрлі жарақат алған.

Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Балалардың қатысуымен болған жазатайым оқиғалардың басты себебі – көлік жүргізушілері мен балалардың да жол ережесін сақтамауы.

«Жыл басынан бері облыс жолдарында кәмелетке толмағандардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының 36 фактісі тіркелді, онда 40 бала түрлі жарақат алды», - деп мәлімет берді Павлодар облысы ПД.

Мамандардың пікірінше, көбінесе балалар жүріс бөлігін рұқсат етілмеген жерде, бағдаршамның тыйым салатын сигналына, жақын жүретін көліктің алдында өтеді. Сондай-ақ велосипедтерді, мопедтерді және мотоциклдерді жүргізу кезінде жол жүру ережесі бұзылады. Тағы бір себеп болатын жағдай – көлік тізгіндеген жүргізуші де, жолаушы да қауіпсіздік белдігін тақпайды. Сондай-ақ, балаларға арналған орындықтың болмауы да көп жағдайда қайғылы жағдайға әкеледі.

Ересектер баланың көзінше жол ережесін бұзатын жағдайлар болады. Бала көргенін істейді. Жолды кесіп өтуге рұқсат етілмген бөліктен өтуге болмайтынын түсіндірген абзал.

Осы орайда полиция жолдағы ересектердің жол ережесін сақтауы олардың балаларына да үлгі болатынын ескертеді. Күн сайын балаларға жол ережесін сондай-ақ жаяу жүргіншілер өтетін бөліктен өту кезінде де сергек әрі мұқият болуға шақырады.
КТК телеарнасы
КТК телеарнасы 22 апр. в 10:17
Оралда су тасқыны кезінде ер адамды ағын су алып кете жаздады

Видео желіде жарияланған.

Бұған қатысты БҚО төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы өкілдері пікір білдірді.

"Автор үкіметтен ешқандай көмек жоқ екенін айтып қалды. Бірақ бұл шындыққа жанаспайды. Өйткені суға кете жаздаған тұрғынды аман алып қалған полиция кіші сержанты Әміржан Бірлесов – біздің қызметкер. Оған Ұлттық ұлан, еріктілер, және төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері көмекке келді...

Тасқын қаупі төнген күннен полиция, әскерилер, Ұлттық ұлан және төтеншеліктер су басу қаупі бар аймақтардағы азаматтарға бірнеше рет ескерту жасады, суға кете жаздаған азаматқа да ескертілді", - делінген хабарламада.
КТК телеарнасы
КТК телеарнасы 19 апр. в 09:12
⚡️ "Алматы Су" бас директорының орынбасары мен Қызылорда облысының кәсіпкерлік басқармасының басшысы ұсталды

⚡️ Антикор хабарына қарағанда, Алматы қаласы бойынша департаментімен осы жұмыс шеңберінде ауыр жемқорлық қылмыс жасауда "Алматы Су" ШЖҚ МКК бас директорының орынбасары әшкереленді.

Ол жергілікті кәсіпкерден орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойғаны және жасалған мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша ақшалай қаражат төлегені үшін 345 млн теңге көлеміндегі бұрын келісілген сомадан 75 млн теңге алған.

Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысын жалпы қамқорлығы мен келісімшартты ұзартуға және жер қойнауын өндіру көлемін ұлғайту рұқсатына қол қойғаны үшін айтарлықтай мөлшерде пара алды деген күдік бойынша ұстады.

Күдіктілерге қатысты соттың санкциясымен "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Аталған істер бойынша тергеу жалғасып жатыр.